взлом

Открытая медицинская библиотека

Статьи и лекции по медицине ✚ Библиотека студента-медика ✚ Болезни и способы их лечения.

Валеология ЕСЕПТЕР
просмотров - 727

1. 1.Науқас А, 37 жас, қабылдау бөлімшеге ессіз жағдайда түсті. Ертіп келгендердің айтуына қарағанда саңырауқұлақ соусын жегеннен кейін 3 сағаттан соң жедел ауырған. Жағдайы ауыр. Дене қызуы бір қалыпты. Акроцианоз, коллапс. Ауру іштің қатты ауруымен және қайталамалы құсықпен басталған, кейін іштің өтуі болған. Нәжіс сұйық, сулы. Науқас 3 күн бұрын Үндістаннан келген.

Алғашқы диагноз?

А – дизентерия, IV дәр.дегидратация

В – тырысқақ

С – саңырауқұлақпен улану

Д – сальмонеллез, ИТШ III дәр.

+ – тағам токсикоинфекциясы, ИТШ III дәр

2. Науқас В, 30 жаста͵ түскен кезде іштің ауырсынуына, жүрек айну, көп реттік құсу, сулы сұйық нәжіс, 37,6 ºС дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданған. Түскі тамақ ішкеннен 1 сағаттан соң жедел ауырған, торт жеген.

Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – амебиаз

Д – сальмонеллез

+ – тағам токсикоинфекциясы

3. Науқас М, 40 жаста͵ аурудың 1 күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсуға шағымданып түсті. Қарағанда: дене қызуы 38ºС, тері қабаты боз, тілі ақ жамылғымен жабылған, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болады.

Эпиданамнезінде: буфеттен сатып алынған пирожныйын жеген. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – амебиаз

Д – сальмонеллез

Е – тағам токсикоинфекциясы

4. Ауруханаға 18 жастағы науқас келœесі шағымдарымен келіп түсті: қайталамалы құсу, іш аймағындағы ұстамалы ауырсыну. Үйінде 2 рет іші өткен, нәжіс кілегей аралас болған. Қарағанда дене қызуы 38,40С, тілі құрғақ, тахикардия, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну, Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сыныпта дизентериямен ауырған балалар бар. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – аппендицит

Д – сальмонеллез

Е – тағам токсикоинфекциясы

5. Науқас Б., 22 жаста͵ қалтырау, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті, «батпақты балшық» тәріздес нәжіс. 4 сағат бұрын ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз?